ШҚО-да мал ұрлығы тыйылмай тұр
Оның тең жартысы ізі суымай ашылды. Биылдан бастап мал ұрлығына қатысты заң қатайды. Енді өзара келісім-кешірім жасаламайды. Бірден қылмыстық іс қозғалып, ұрлық істеген адам 5-тен 12 жылға дейін сотталады. Ал облыста мал ұрлығы негізінен күздің соңы мен қыстың басында көбейеді.
Алмас Мұхтарұлы, ШҚО ПД жедел уәкілі:
- Мал көбінесе күзде жоғалады. Негізі ШҚО бойынша ең көп мал ұрлығы тіркелген жер Ұлан ауданы болды. Жарма, Аягөз, Тарбағатай аудандары да бар. Қазір күшімізді соған салып, қылмысты ашуға байланысты шаралар өткіземіз.