Маңғыстау өлкесіне Бразилиядан туристер келеді
«ТурСтат» туристік порталы бұл тізімге Бурабайды да қосқан. Жалпы Маңғыстау өңірінде мамыр-қыркүйек айлары ақпараттық-жарнамалық турлар жиі өтіп тұрады. Былтыр оған көрші мемлекеттерден бөлек АҚШ, Жапония, Еуропадан 50-ге тарта жиһанкез келіп қатысып, түбектің тарихи-мәдени кешендерін аралаған.
Гүлсім Омарова, Инвестициялар және туризмді дамыту басқармасының бөлім басшысы:
- Бізге жыл сайын Жапония елінен 10-12 турист келеді. Олар алдын ала дайындалады. Өздерімен топ болып келіп, біздің өңіріміздің барлық тартымды, көрікті жерлерін, туристік мәдени-тарихи нысандарын аралап, көріп кетеді. Алған әсерлерінен пост жазып, әлеуметтік желіде таратады. Қазіргі таңда біз телефон, интернет арқылы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Нақты мысал, Бразилиядан да бір оператор бізге қоймастан хат жазып жатыр.