Пекинде мерекелік іс-шараларды тойлау уақытша тоқтатылды
Бұған елді шулатқан коронавирустан бөлек, эпидемияға байланысты тағы 3 күнге созылған жаңа жылдық демалыстар да себепші. Әзірге демалыстан қайтатын Пекин тұрғындарының ағыны көбейген жоқ. Десек те, аудандағы ірі сауда орталықтарында бетпердесіз жүруге тыйым салынған. Дүрлігу байқалмаса да, карантинге байланысты қозғалыс шектелді. Той, тіпті жерлеу рәсімі сынды адамдар көп шоғырланатын барлық іс-шара уақытша тоқтатылды. Билік өкілдері тұрғындарға аса қажет жағдай болмаса, үйден шықпауға кеңес береді.