Еліміздің Қытаймен шекаралас аймақтағы кәсіпкерлері шығынға батты
Осының кесірінен қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлер табыссыз қалды. Мәселен, Зайсан қаласында 9 қонақүй мен 18 мейрамхана бар. Иелерінің айтуынша, оларға келетін адамдардың саны күрт азайған. Ал Қытайдан киім-кешек және шаруашылық тауарларын тасымалдайтындардың да табыссыз қалатын түрі бар. Сондықтан кейбір кәсіпкерлер бұрын әкелген тауарларын сатуға асықпай отыр.
Елена Березинская-Абилова, аймақтық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы:
- Біздің кәсіпкерлер кез келген қақаған қысқа үйреніп алған. Олар қыс айларында өз кәсіптеріне қанша шығын келетін жақсы біледі. Дәл қазір жолдың көбі бірде жабылып, бірде ашылып тұр. Тауар уақытында жетпеуі мүмкін. Қаңтар мен ақпан – табыстың ең аз түсетін кезі. Ал Қытайдан тауар тасымалдайтындар үшін шекараның жабылуы биыл дәл осы қаңтар мен ақпанға сәйкес келді. Бұл, әрине, оңай емес.