Танымал әуе компаниялары 14 жаңа бағыт ашады деп жоспарлануда
Бұл туралы ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда ашық аспан жүйесін құру жөнінде атқарылған жұмыстар туралы баяндалды. Биыл Катар, Польша, Оман, Беларусь, Малайзия, Румыния, БАӘ, Кувейт секілді елдердің танымал әуе компаниялары 14 жаңа бағыт ашады деп жоспарланып отыр. Швейцария, Оңтүстік Корея, Сингапур, Латвия, Литва елдеріндегі авиация саласының басшылығымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Роман Скляр Президенттің 2019 жылғы тапсырмалары орындалып, нәтижесінде жаңа 12 бағыт Елордадан Прагаға, Ұлан-Батырға және Токиоға рейстер ашылғанын хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев мүдделі мемлекеттермен арадағы әуе қатынастарын кеңейтуді, сондай-ақ Қазақстанның негізгі әуежайлары арқылы өтетін жүк тасымалының көлемін ұлғайтуды тапсырды.