БҚО-да ақбөкенді заңсыз аулауға қатысты 7 іс қозғалды
Жуырда БҚО-ның Жаңақала ауданында мүйізі кесілген тағы 45 киіктің өлі денесі табылды. Бұл – жыл басынан бері жануарларды заңсыз аулауға қатысты 7-інші дерек. Осының алдында 71 атылған киік анықталған еді. Еліміздегі бөкендердің басым бөлігі бүгінде Еділ-Жайық арасында. Орал өңірінде 280 мыңдай жануар бар. «Охотзоопром» қызметкерлері киіктің осы негізгі бөлігін қорғаумен айналысады, ал 100-200-ден бөлініп кеткен бөкендер көбіне қараусыз қалып жатады», – дейді мамандар. Қазір облысқа көмекке Алматыдан 2 арнайы топ техникасымен келіпті. Бірақ ол да киіктерді қорғау жұмысын түбегейлі шешеріне сену қиын.
Қайрат Қадешев, БҚО аумақтық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы:
- Мұның тиімді шешімі облыста 2013 жылы құжаттары дайындалған Бөкей Ордасы резерваты. Резерват құрылса, киікті қорғау жұмыстар жүргізілер еді. «Охотзоопром» филиалы басқа да ашық жерлерді күзетер еді.