Жамбыл облысындағы оқиғаға байланысты шығын 1,7 млрд теңгені құрайды
Ал Үкімет үйінде БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жақын арада шығын көлемі нақтыланып, Үкіметке тиісті ұсыныс берілетіндігін айтты. Қазір жұмыс тобы қираған барлық үй мен сауда нүктелерін тексеруде. Өңір жетекшісі оқиғаға қатысты 8 ақпан күні кешкі сағат 21:00-де жарияланған төтенше жағдайдың не себепті техногендік сипатта екендігін түсіндірді.
Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі:
- Ол жақта көптеген тұрғын үй қираған. Өрт болды. Солардың барлығын қалпына келтіру үшін техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл жерде әлеуметтік сипат жоқ. Біз бірінші кезекте үйлер мен сауда нүктелерін қалпына келтіріп, жолдарды тазарту қажетпіз. Қаза тапқандардың отбасыларына заң бойынша әлеуметтік көмек көрсетілетін болады.