Орталық коммуникациялар алаңында Абай тағылымы таразыланды
Бүгінде ғұламаның бай мұрасы қазіргі қоғамның қағидасымен үндесетінін байқайсың. Кемеңгер көзі тірісінде кемел білім, ел басқару, ілім-ғылым, бәсеке, жайлы талай қалам тербеді. Бүгін Орталық коммуникациялар алаңына жиналған қауым осы сауал төңірегінде сөз қозғады. Олар ұлы ойшылдың тәрбиеге толы тағылымын таразылады. Қорыта келе, қазақтың нағыз жанашыры Абай екендігін айтты. Себебі ол өз ұлтының намысын жану арқылы білімге бастады. Өркениетті қоғам қалыптастырудың жолдарын көрсетті. Әділетті әлем құруды қолға алды.