Өкілеттіктерді қайта бөлу кезінде мемлекеттік қызметшілер саны қысқартылуы мүмкін
Осыған қатысты жаңа заң жобасын Мәжілісте Ұлттық экономика министрінің орынбасары Айгүл Шаимова таныстырды. Бұл функцияларды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметшілер саны қысқартылмақ. Ал олардың жалақысы қалған қызметкерлерге бөлінеді. Үздік маманның еңбекақысы да көбірек болады. Депутаттар бұл реформа министрліктер штатының қысқаруына әкелетінін атап өтті.
Сапар Ахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Барлығын да Үкіметтің басшылығына немесе министрлікке тіреп қоюға болмайды. Кейбір мәселелерді жергілікті жерде, министрліктің ішінде шешу керек. Бұл заң қазіргі заман талабына сай деп ойлаймын. Қазір уақыттың тапшылығына байланысты тез арада шешуді талап етеді.