Алматыда Ерлан Сыдықовтың Мәскеуде шыққан «Құнанбай» кітабы таныстырылды
Себебі Құнанбай бейнесін Абайдан бөліп қарауға болмайды. Ал Абай мен Құнанбайды Мұхтар Әуезовтен жырақ елестету мүмкін емес. Өнегелі өмір желісімен тұңғыш рет жарық көрген орыс тіліндегі тарихи өмірбаяндық кітап – тәуелсіз мемлекетіміздің тарихындағы аса үлкен құбылыс. Кітапта Құнанбайдың өмірі, елге жасаған қызметі архив материалдарымен толықтырылған. Шараға Мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет саласының өкілдері, қаламгерлер қатысты.
Кенжехан Матыжанов, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры:
- М.Әуезовтің «Абай жолындағы» Құнанбайдың бейнесі – әдеби бейне. Ал осы әдеби бейненің астындағы тарих қандай болды, қандай кезеңдерден өтті? Осыны құжаттамалық материалдармен дәлелдей отырып көрсету кітаптың артықшылық бейнесі деп есептейміз. Бұл серия арқылы орыс тілді ортаға кеңінен танылады. Әлемдік кеңістікке Құнанбай бейнесі жаңаша өріс ашты деп айтуға болады.