Президент француз актрисасы Б.Бардоның ашықхатына жауап берді
Жануарларды қорғаумен белсенді айналысатын «Бардо» қорының өкілдері мамырда Қазақстанға арнайы келіп, біздің белсенділермен кездеспекші. Сондай-ақ Семей қаласында қаңғыбас жануарларды оқшаулауға арналған пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлауда. Өйткені соңғы уақытта қордың электронды поштасына Қазақстандағы жануарларға көрсетілетін қатыгездік туралы көптеген бейнематериал келіп түскен көрінеді.
Брижитт Олюа, «Брижит Бардо» қорының өкілі:
- Ел Президенті жоғары трибунадан біздің үндеуімізді қолдайтынын айтқан кезде, Бардо ханым қатты қуанды. Біздің бұл бастамамыздың қаншалықты маңызды екенін ескеріп жауап қатқаны бізді де жігерлендіре түсті. Расында, Президент мұндай әрекеттердің Қазақстанның эволюциялық дамуымен сәйкес келмейтінін өте жақсы түсініп отыр. Брижит Бардо қатты риза болды.