Шымкентте Бадам өзені жағасында тұратын тұрғындар су тасқынынан қауіптеніп отыр
Осы себепті қазір ТЖД мамандары өзеннің арнасын бұру жұмыстарын қолға алды. Әсіресе Маятас елді мекені маңында жерасты бөгетінің жағалауы бекітілді. «Сақтық шараларына кірісіп, алдын алған жөн», – дейді төтеншеліктер. Дегенмен таулы аймаққа биыл қар қалыпты жағдайдан 12 см-ге қалың жауған.
Арман Алпысбаев, қалалық ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы:
- Қазіргі уақытта осы өзеннің маңындағы елді мекендер мен салынып жатқан құрылыс нысандарына су басу қаупі барын айтқым келеді. Өзен суы жағаға жақын қалған. Сол себепті Бадам өзенінің арнасын бұру жұмыстары қолға алынуда. Бұл қауіпсіздік үшін қажет.