Хабар телеарнасы

Жылу электр станциясын прокуратура тексеруге кірісті

Жағдайды ретке келтіру үшін Өскеменнен шұғыл түрде 130 тонна мазут жеткізілген. Риддердегі станция ескі. Техникалық құрылғылары әбден тозған. Алдағы қысқа дайындық жұмыстарына 180 мемлекеттік мекеме алдын-ала төлем жасап қойып, 90 млн теңге аударған. 

Дмитрий Горьковой, Риддер қаласының әкімі:
- Қазір бақылау комитеті басшысының орынбасары мен қызметкерлері сол жерде жұмыс істеп жатыр. Олар тексеріп болған соң қорытындысын шығарады. Соған сәйкес тиісті шаралар қолданады. Кінәлілер өз жазасын алады деп ойлаймын.