ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қайта куәландыру мерзімі 2020 жылғы 15 ақпаннан кейін келген барлық азаматқа мүгедектік мерзімін төтенше жағдай кезеңіне автоматты түрде ұзартты.
Бұл ретте жәрдемақыларды төлеу төтенше жағдай режимінің барлық кезеңі ішінде бұрын белгіленген мүгедектік тобы және (немесе) жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі бойынша жүзеге асырылатын болады.
Биылғы 1 сәуірден бастап АЕК және ең төменгі күнкөріс деңгейінің артуына байланысты мүгедектік бойынша жәрдемақы қайта есептелді. Енді мүгедектік бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері:
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері:
Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған адамдарға берілетін жәрдемақы – 45 736 теңге.Бала кезінен I топтағы мүмкіндігі шектеулі жанға күтім бойынша жәрдемақы – 45 736 теңге.Жалпы алғанда 22,8 мыңнан астам алушының жәрдемақысы арттырылды.Қайта есептеуді ескере отырып, жәрдемақыларды есептеу 2020 жылғы 17 сәуірге жоспарланған.