Қатысушылар 5 күн бойы этносаралық қатынастар саласын жетілдіру жолдарын үйренеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 29 өкілі әлеуметтік зерттеулерді сауатты жүргізуді және оларды жұмыс барысында сәтті қолдану тәсілдерін меңгерді.
Наталья Калашникова, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі:
- Оқу бағдарламасы барынша тәжірибеге негізделген. Сондықтан оффлайн форматта өткізуді жөн көрдік. Жобамызға 7 аймақтан 13 этномәдени бірлестік өкілдері де қатысып жатыр.