Хабар

Алматыда АҚШ консулдық мекемесі құрылады

Алматыда Америка Құрама Штаттарының консулдық мекемесі құрылады. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында екі ел арасындағы келісім мақұлданды. Құжатта көрсетілгендей Алматыда жалпы ауданы 70 мың 593 шаршы метр жер учаскесі АҚШ-қа 49 жылға жалға беріледі. Олар 25 млн доллардан астам ақы төлейді. Консулдық мекемеде үй-жайлар, балабақша, мектеп және өзге ғимараттар салынуы мүмкін. Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллиннің айтуынша, бұл еліміздің тұрақты және инвестиция тартуға қолайлы екенін көрсетеді. Консулдық Орталық Азия бойынша қызмет көрсетеді. 

Ақан Рахметуллин, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары:

-Жаңа бас консулдықтың құрылысы консулдық қызметкердің ұлғаюы мен сапасына, бизнестің дамуына, қала инфрақұрылымының жақсаруына және ұзақ мерзімді перспективада жергілікті қызметкерлер үшін жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді. Сонымен қатар консулдықтың қызметкерлері, олардың отбасы мүшелер, оларға келген қонақтар оңтүстік Астананың сауда, мәдени, ойын-сауық және табиғи нысандарын белсенді пайдаланады. 

Бұдан өзге, Мәжілісте «Қазақстан Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау жөнінде келісімді ратификациялау туралы» Заңы қаралды. Мұндай келісім 1997 жылы жасалған. Бірақ халықаралық және ұлттық заңнамадағы өзгерістерге орай қайта жаңарту көзделіп отыр. Әрі құжат экономикалық байланысқа тың серпін береді. Былтыр екі елдің бір-біріне салған инвестиция көлемі артып, арадағы тауар айналымы 1,7 миллиард АҚШ доллары болған.

Самат Нұртаза, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

-Келісімге сәйкес, ҚР Үкіметі мен Қырғыз Республикасының министрлер кабинеті өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес, екінші уағдаласушы елдің инвесторларын көтермелейді және оларға қолайлы жағдайлар жасайды. Уағдаласушы елдердің кез келгенінің инвесторлары жүзеге асырған инвестициялар әділ және теңқұқылы режимді.