Елде шекаралық аймақтардан халықтың көшуі толастамай тұр

  • 126
  • 26.03.2025, 18:37

Елімізде шекаралық аймақтардан халықтың көшуі толастамай тұр. Бүгінде көрші елдермен шектесетін жерде 65 аудан болса, соның 40-ында тұрғындар саны азайып кеткен. Бүгін бұл мәселені көтерген Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров: «Үкімет басшысына сауал жолдап, шұғыл шара қабылдануы қажет»,деді. Оның айтуынша, шекара түбіндегі жұрттың жаппай қоныс аударуына жұмыссыздық, көлік қатынасының нашарлығы, инфрақұрылымның тозуы және өзге де факторлар себеп болып отыр. Сондықтан депутат «AMANAT» партиясы жақын арада тиісті заң ұсынатынын жеткізді. Айта кетейік, бұл мәселені жуырда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы да атап өткен еді. Бүгінде Қазақстанның 14 облысы көршілес 5 елмен шектеседі

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Шекаралық аудандарға арнайы мәртебе беруді көздейтін «ҚР шекаралық аумақтарын дамыту туралы» арнайы заң қабылдау өте маңызды. Бұл заң қабылданса, ел аумағын тиімді пайдалануға, халықтың шекаралық аумақтарда тұрақтануына, өңірдің дамуына және аумақтық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етудегі өте зор серпін болатындығы анық.