Жылу мен кәріз желілерінің 50% жоғары бөлігі тозған

  • 122
  • 26.03.2025, 18:40

Елімізде 136 мың шақырым инженерлік желі бар. Мамандардың айтуынша, олардың басым бөлігі тозған. Мәселен, Республика бойынша су құбыры 106 мың шақырымнан асады. Дегенмен оның 39% жөндеуді қажет етеді. Ал жылу мен кәріз желілерінің 50% жоғары бөлігі тозған. Еліміздің әр өңірінде ескірген желілерді ауыстыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Яғни Ұлттық жоба аясында тозуды 40% дейін төмендету жоспарланған. Одан бөлек, еліміздегі 90 қаланың тек 60-ында ғана кәріз-тазарту жүйесі жұмыс істейді. Алдағы уақытта Атырау, Қызылорда, Ақтау, Қаражал, Қарқаралы, Ленгір, Шымкентте 32-сін жаңарту жоспарланған. 

Бақытжан Жүнісбеков, ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы: 

-Ал 2024 жылы Форт-Шевченко, Сарыағаш қалаларында кәріз тазарту жүйелерін жаңарту жұмыстары аяқталды. Ал Қонаев қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі арқылы жаңартылу жүзеге асты. Жалпы кезең-кезеңімен кәріз-тазарту жүйелерін модернизациялау жүзеге асырылуда.