«Алматы Су» департаментінің директоры Жолдыбаевқа үкім шықты

  • 171
  • 26.03.2025, 18:42

Алматы қаласының Бостандық аудандық соты «Алматы су» коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментінің директоры Жолдыбаевқа үкім шығарды. Ол кәсіпкерден 75 млн теңге жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. Алғашында сот Жолдыбаевқа 5 жыл шартты жаза және коммерциялық-қаржылық ұйымдарда басшылық қызметпен айналысуға тыйым салған. Алайда прокуратураның наразылығынан кейін Алматы қалалық соты үкімді өзгертіп, оны 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, сот залында қамауға алды. Үкім заңды күшіне енді.