Сонымен алматылықтардың көлік салығына қарызы 3,5 миллард теңгеден асып кеткен. Кей азаматтардың берешегі 22 миллион теңгеге жуықтайды. Қазір оларға тиісті хабарлама жіберіліп жатыр. Салықты уақытында төлемеген жағдайда күн сайын өсімпұл қосылады. Бір айта кетері, салық бойынша ардагер, көпбалалы ана, мүгедектігі бар адамға жеңілдік қарастырылған. Көлік салығын e-Salyk azamat немесе екінші деңейлі банктің мобильді қосымшасы арқылы төлеу тез және ыңғайлы.
Қанағат Күлембаев, қалалық МКД өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы:
-Бірінші кезекте қарызды өтеу қажеттілігі туралы хабарламалар жіберіледі. Төлемеген жағдайда салықтық бұйрық шығарылып, ол сот орындаушыларына жолданады. Өз кезегінде сот орындаушылары атқарушылық іс қозғап, шаралар қолданады. Міндетті шаралардың кейбір түрлері, бұл шетелге шығуға шектеу қойылады. Мүлік пен банктік шоттарды бұғаттайды.