ШҚО-да өртті ерте анықтайтын жүйе орнатылады

  • 37
  • 24.04.2025, 18:42

Шығыс Қазақстан облысындағы орман шаруашылықтарына өртті ерте анықтайтын жүйе орнатылады.

Өрт мұнарасына бекітілетін бейнебақылау камерасы аумақтан шыққан түтінді тіркеп, бірден орталыққа мәлімет жібереді. Мамыр айында Марқакөл, Үлкен Нарын, Самар аудандарында алдын ала зерттеу жүргізіліп, жаңа бағдарламмен жұмыс істейтін орындар анықталмақ. Әзірге облыстағы жасыл желекті оттан сақтау үшін дрон қолданылып жатыр. Болашақта 26 ұшу құрылғысын сатып алу жоспарланған. Ал «заманауи жүйе» іске қосылса, орманшыларға үлкен көмек болмақ, - дейді мамандар. 

Мерхат Әміров, облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары: 

- Бұл жүйе жетілдіріледі, бұл тек қана оны өртті анықтау ғана емес, өрт қай бағытта кететінін, желдің, температураның бағытын, қандай тәуекелдер бар екенін сол бойынша ақпарат жіберіп отырады. Бұл жүйе толығымен іске асар болса, ол орман шаруашылығына өте тиімді болады деп есептеймін.