Меритократия қағидаты – әділдік өлшемі

  • 53
  • 29.07.2025, 18:43

Астанада мемлекеттік қызметшілерді меритократия қағидаты бойынша тағайындауға қатысты мониторинг жүргізілуде. Тек биылғы жылдың І жартыжылдығында 37 азамат жергілікті атқарушы органдарға қызметке орналасқан. Олардың 24-і жоғары лауазымдарға ие болды. Тағайындау ішкі конкурс бойынша өткен. Меритократия қағидаты мемлекеттік басқару жүйесінде ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етеді. Бұл білімді, еңбекке қабілетті және адал қызметкерлер үшін әділетті жүйе.

Әйгерім Тәңірбергенова, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары:

-Еңбек жолымда меритократия қағидаттарына осы принциптерге сәйкес бірнеше рет тағайындалдым. Жалпы меритократия принциптері менің ойымша бастамашыл, өзінің тың идеялары бар жас мамандарды биік қызметтерге орналасуға көмектеседі деп ойлаймын. 

Мақсат Қасымов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары:

-Мемлекеттік қызмет дегеніміз - ол тек қана лауазым емес, ол үлкен жауапкершілік. Сол себепті мемлекеттік қызметшілерді біліміне, жұмысқа деген қабілетіне қарай бағалап, мансаптық өсу арқылы жоғарылатып отырады. Біз енді бұл қағидаттың іске асуына тұрақты түрде мониторинг жасаймыз.