Қазақстан Халқы Ассамблеясы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында түрлі креативті бастамаларға басымдық береді. Бұл туралы Ұлытауға барған сапарында Сенат депутаты Геннадий Шиповских айтты.
Өңірдегі этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесуде сенатор «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» жобасының жүзеге асырылу барысын баяндады. Тіл жанашырларын бір алаңға топтастырған бағдарлама, Ассамблея тарапынан қолға алынған 13 жобаның бірі. Бұдан бөлек, елдегі Достық үйлерінде 120-дан астам тіл үйірмесі жұмыс істейді. Соның жартысына жуығы тек қазақ тілін үйретеді. Кездесуде түрлі этнос өкілдері сөз алып, мемлекеттік тілді оңай үйрену жолдарымен бөлісті.
Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- «Мемлекеттік тіл-этносаралық қатынас тілі» жобасымен барлық санаттағы азаматтарды қамтып отырмыз. Түрлі этностарға емін-еркін қазақ тілін қалай тезірек үйренуге болатыны, қалай меңгеруге болатынын түрлі лайфхакқа толы жоба. Біздің Ассамблея мүшелері өздерінің ойларын, ұсыныстарын жеткізді. Осы «Мемлекеттік тіл-этносаралық қатынас тілі» жобасын толығымен қолдайтындарын жеткізді.