Қостанайда аймақтық инвестициялық форум өтті

  • 13
  • 22.08.2025, 18:42

Жиынға ақпараттық технология саласының мамандары, атқарушы билік, бизнес және халықаралық ұйым өкілдері қатысты. Көпшілікке жасанды интеллектке қатысты инновациялық жобалар мен заманауи технологиялар көрмесі ұсынылды. Ал пленарлық отырыста сарапшылар цифрлық шешімдерді түрлі салаға еңгізу жөнінде өз ой-пікірлерімен бөлісті. Қостанай облысында озық технологиялар қарқынды түрде енгізілуде. 2024 жылы ақылды қалалар рейтингінде Қостанай, Астана, Алматы, Қарағандыдан кейін төртінші орынды иеленді. Облыс басшысы өз сөзінде инновация және цифрландыру саласында көшбасшы өңірге айналу мақсаты тұрғандығын атап өтті. 

Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:

-Біздің бүгінгі кездесуміз үлкен жолдың бастауы. Мемлекет басшысы атап өткендей экономиканы түбейгейлі жаңғырту және еңбек өнімділігін арттыру үшін экономиканың нақты секторына жасанды интеллектіні еңгізуді қолға алу қажет. Біз жасанды интеллектіні пайдаланы отырып, қуатты, замануи және өркендеген өңір құрамыз деген сенімдеміз.