Астанада 15 қыркүйектен бастап жұмыс күнінің басталу уақыты өзгереді. Енді әкімдік пен қалалық коммуналдық ұйым қызметкерлері жұмысқа таңғы 7:30-да кірісуі тиіс.
Мемлекеттік және жартылай мемлекеттік ұйымдар жұмысын 7:30-да немесе 8-де бастай алады. Сәйкесінше, үйге де ертерек қайтады. Бұл шаралар таңғы және кешкі уақыттағы көлік кептелісін азайтуға сеп болмақ. Дегенмен балабақша, мектеп, арухуана, емхана, халыққа қызмет көрсету орталығы сияқты әлеуметтік мекемелер мен бизнес нысандарының жұмыс уақыты өзгермейді.