Тарихи мұралар сараптамадан өткізілді

  • 18
  • 25.09.2025, 19:40

Мұны мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің телеграмм арнасында хабарлады. Айтуынша, қыркүйектің 17-сі мен 24-і күндері «Ескерткіштер мен тарихи орындарды сақтау жөніндегі» халықаралық кеңестің сараптамалық миссиясы аталған тарихи-мәдени мұраларды сараптамадан өткізді. Сараптамада жерасты мешіттерінің буферлік аймағы мен шекарасын айқындау, консервациялау және қорғау, туристік инфрақұрылымды дамыту және тұрақты басқару мәселелеріне көңіл бөлінді. Енді оның қорытындысы бойынша ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің 2026 жылғы шілдеде өтетін отырысында нақты шешім қабылданады. Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар орталығында ТМД аумағындағы алғашқы «Үстірт жазығы» бірлескен номинация жобасын қарастыру процесі басталды.