Елордада қазақ-қытай қатынасы талқыланды

  • 9
  • 26.09.2025, 19:38

Ғылыми қауымдастық пен дипломатиялық орта өкілдерінің басын қосқан іс-шарада стратегиялық серіктестікке серпін беру жайы сөз болды. Сарапшылардың пікірінше, Бейжің жаңартылатын энергия көздері, робототехника және жасанды интеллект салаларында әлемдегі жетекші орынға ие. Қазақстанға да осы тәжірибеге сүйену маңызды. Мамандар туризм, цифрландыру және ауыр шаруашылығын әлеуетті бағыт ретінде айқындап отыр. Бұл тауар айналымын арттыруға ықпал етеді. Отырыс нәтижесі бойынша сан саланы қамтитын ұсыныс әзірленіп, мемлекеттік органдарға жіберіледі.

Айдар Құрмашев, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бөлімінің басшысы: 

-Қазіргі күнде тауардың көпшілігін Қазақстан импорттап отыр. Болашақта біз байланысты әлі де дамытып, Қазақстан үшін экспорттау мүмкіншілішігін таппақшымыз. Біздің экспорттау мүмкіндігіміз дайын өнімдер болу керек. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасын терең өзгерістер күтіп отыр. Ол шығарылған тауарларды шығаратын нарықтар керек.