Оқыс оқиға «Самұрық Энерго», «Қазақстан темір жолы» сияқты ірі өндіріс орындарында болған. Жауапты мамандар, зардап шеккен қызметкерлер мен қайтыс болғандардың отбасыларына сақтандыру төлемдерімен қатар 85 миллион теңге көлемінде материалдық өтемақы берілді деп отыр. Сонымен қатар өндірістік жарақаттану деңгейі төмендеп келе жатқанын айтады. Мәселен, соңғы жеті жылдың ішінде аталмыш өндірісте зардап шеккен қызметкерлер саны 43% азайған. Алайда «Самұрық» кәсіпорындарында әлі де қауіпті учаскелер бар. Олар бұл мәселені роботтардың көмегімен шешуге мүдделі.
Ербол Елекеев, «Самұрық-Қазына» АҚ Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік саласының басшысы :
-Мұнда шын мәнінде көптеген мәселелер бар, соның ішінде қызметкерлердің қауіпсіздікке деген көзқарасы. Заманауи, озық технологияны қолданбай, былайша айтқанда, ескі әдіспен жұмыс істеуге үйреніп қалдық. Сондықтан қазір біз қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және ескі жабдықтарды ауыстыруға баса назар аударып жатырмыз.