Республика күні: Қонаевта 220-дан астам сауда нүктесі жеңілдік ұсынуда

  • 33
  • 24.10.2025, 19:44

Шаһардың ірі сауда желілері мен дүкендері тұрғындарға тауарларды төмендетілген бағамен ұсынуда. Іс-шара Республика күніне орай ұйымдастырылды. 

Акцияны Сауда және интеграция министрлігі мен өңірлердің әкімдіктері бірлесіп өткізуде. Акцияның мақсаты – ішкі нарықты қолдау және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыру. Акцияға 220-дан астам сауда нүктесі қатысып жатыр.

Ақерке Жұмағазы, Қонаев қаласы әкімінің баспасөз хатшысы: 

- Әрине, ірі кәсіпкерлер бұл акцияға қосылды. Қазіргі таңда қала бойынша ірі супермаркеттерде әлеуметтік маңызы бар тауарларға, яғни азық-түлікке, содан кейін сусындарға жеңілдіктер жүруде. Бұл акция 3 күнге жалғасады. Бұл акцияның мақсаты – отандық өнімдерді қолдау, сонымен қатар ішкі нарықтағы бағаларды тұрақтандыру.