Астанада Қонаев көшесінің бойында көлік қозғалысы қайта жанданды

  • 26
  • 28.10.2025, 19:34

Қозғалыс Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралықта қалпына келтірілді. Жуырда ғана Қасым Қайсенов және Қасым Аманжолов көшелерінің бойындағы бірнеше жол учаскелерінде қозғалыс ашылған болатын. Ал аптаның соңына таман А-62 көшесінің бойындағы жол учаскесі пайдалануға беріледі. Қозғалыстың қайта ашылуы елорданың орталық аудандары арасындағы көлік байланысын жақсартып, көршілес магистральдарға түсетін жүктемені азайтуға және қала тұрғындары мен қонақтарының жолға кететін уақытын қысқартуға мүмкіндік береді