Осы орайда Үкімет басшысы Олжас Бектенов Президент тапсырмасымен салынған Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусын аралады. Нысанда жылына 12 мыңға жуық диагностикалық зерттеу мен жедел операция, 4 мың сәулелік және протондық терапия курсы өткізіледі. 330-ға жуық трансплантация жасалады. Сонымен қатар орталықта радиофармпрепараттар да шығарылады, ал алдағы уақытта тағы 13 жаңа препарат өндіру жоспарланып отыр. Бұл жылына 12 мыңға жуық зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Премьер-министр Назарбаев Университетінің жаңа биомедициналық зерттеу орталығының жағдайымен танысты. Мұнда геномика, молекулярлық биология және тіндік инженерия сияқты бағыттарда зерттеулер жүргізу үшін барлық жағдай жасалған.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
- Назарбаев Университетінің негізінде өте қуанышты жаңалық. Үлкен ғылыми биотехнологиялық орталық ашылды. Оның жанында вивариум. Вивариум дегеніміз – ол меициналық, биотехнологиялық, биомедицианлық дәрі-дәрмек пысықтау форматында келетін жануарлардың негізінде клиникалық арнайы тестілеуді жүзеге асыратын орталық.