Қарағанды облысы цифрлық технологияны қолдану бойынша елдегі көшбасшы үш өңірдің қатарында. Мемлекеттік қызметтердің 99% онлайн форматта қолжетімді. Халықтың 97% интернет және мобильді байланыспен қамтылған. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында мектептер мен шалғай ауылдарға жабдықтар орнатылып, талшықты-оптикалық желі тартылған. Сондай-ақ автомобиль жолдары мен туристік бағыттарда байланыс сапасын жақсартуға күш салынуда. «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлініп отыр. Аймақта шамамен 4 мың бейнебақылау камерасы жұмыс істейді.
Константин Ильницкий, Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы:
- Биыл біз жолдардың сапасын бақылау үшін арнайы жүйені іске қосамыз. Қазір сынақтан өткізіп жатырмыз, нәтижелері жақсы. Соның арқасында жолдың ойылған жерін, қисайған бағаналарды, жиегіндегі қоқысты, өзге де олқылықтарды көре аламыз. Егер жолда кептеліс немесе қандай да бір мәселе туындаса, біз бұл туралы жедел түрде хабардар боламыз.