«Әділет» партиясы цифрлық платформасын таныстырды

  • 11
  • 30.04.2026, 21:33

Астанада жаңадан құрылып жатқан «Әділет» партиясының цифрлық платформасы таныстырылды. Қоғам мен БАҚ өкілдеріне оның жұмыс тәртібі түсіндіріліп, ұйымдастыру комитетінің мүшелері журналистер сауалына жауап берді.

Ұйым белсенділері: «Ашықтық пен цифрландыру бағытын негізге алдық», - дейді. Ниет танытқандар платформа арқылы партия құндылықтарымен, бағдарламасы және бастамашыл топтың құрамымен таныса алады. Сондай-ақ осы цифрлық ортада партияны қолдау және оның қатарына қосылудың қарапайым қадамдары көрсетілген. 

Рауан Кенжеханұлы, «Әділет» партиясын құруға бастамашы топтың уәкілетті өкілі:

- Біз қазір съездге дайындалып жатырмыз. Тіркелуге қажетті талаптың бірі – осыны өткізу және Қазақстандықтардың кемінде 5 мың адамның қолын жинау. Партияны құруға қолдау білдірген азаматтардың тізімі бұл. Қазіргі таңда осындау ауқымды жұмысты цифрлық шешімдер арқылы іске асыру сұранып тұрған дүние деп ойлаймыз. Сондықтан платформаны іске қосып жатырмыз.