Өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтіледі

  • 7
  • 30.04.2026, 21:38

Елімізде өрт қаупі бар кезеңде ормандарға қосымша 300-ден астам бақылау бекеті қойылады. Қазіргі таңда тілсіз жаудың алдын алу мақсатында қауіпсіздік шаралар күшейтілген.

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мамандары хабарлады. Олардың айтуынша, қызыл жалынның қаупі жоғары кезеңіне 7 мың адам мен 2,5 мыңнан астам техника жұмылдырылып отыр. 4,2 мыңы – жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, ал 3,4 мыңы – ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметкерлері. Қазіргі таңда ел бойынша 327 орман өрт сөндіру станциясы жұмыс істеп тұр.

Мақсат Елемесов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

- Көкшетау, Семей, Павлодар, Өскемен және Алматы қалаларының әуежайларында сыйымдылығы 5 тоннаға дейінгі су төгетін құрылғылармен жабдықталған бірінші класты тікұшақтардың кезекшілігі ұйымдастырылды. Алгоритмге сәйкес, 2026 жылғы өрт қаупі бар кезеңде ірі орман өрттерін сөндіруге ҚР Қорғаныс министрлігінен 7 әуе кемесі және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен 22 әуе кемесі қосымша тартылады. Орман иеленушілерде 626 ұшқышсыз ұшу аппараты бар. Өткен жылдармен салыстырғанда ҰҰА-мен патрульдеу саны артты, олар жұмыс режимінде және одан әрі пайдалануға дайын.