Павлодар облысында өрт қаупі күшейді

  • 4
  • 12.08.2026, 19:37

Павлодар облысында шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр. Аптап ыстық пен техниканың қарқынды жұмысы өрт қаупін де арттырып отыр. Осыған байланысты мамандар рейд жүргізіп, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау керектігін ескертті. Құрғақ шөп ыстықта тез тұтанады. 

Жыл басынан бері облыста үш дала өрті тіркелен. Баянауыл, Ертгіс және Шарбақты аудандарында 1,5 мың гектарға жуық аумақ өртенген. Негізгі себептердің бірі - адами фактор. Заңнама талаптарын бұзған 262 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Серік Нұрпейісов, механизатор:

- Жұмысқа шығар алдында техниканың бәрін түгел тексеріп аламыз. Астындағы карданға шөп оралса, ол қызып, одан өрт шығуы мүмкін. Күнде қарап отырамыз, сағат сайын тоқтаған кезде бәрін түгел тексеріп шығамыз. Барлық тракторларымызда өрт сөндіру құралдары бар, су да бар.

Оразбек Уәлиханов, ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:

- Рейдтік шаралар жүргізілуде. Осы шаруа қожалықтары мен жеке тұлғаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ең бірінші, техниканың ақаусыз болуы керек. Өрт сөндіргіштері, киізі және «хлопушкасы» болуы керек.