Алматыда тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штабы ашылды

  • 5
  • 12.08.2026, 19:35

10 күннен соң елімізде Құрылтай сайлауы өтеді. Алматыда тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штабы өз жұмысын қайта бастады.

Ақпараттық штаб бұған дейін республикалық референдумда жұмыс істеген. «Сол кездегі тәжірибе қоғамдық бақылау мен ашық ақпарат алмасудың мұндай форматына сұраныс бар екенін көрсетті», - дейді ұйымдастырушылар. Қоғамдық бірлестік сайлау процесіне қоғамдық мониторинг жүргізіп, тәуелсіз байқаушылар, азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары арасында жедел ақпарат алмасуды қамтиды. Брифингте штабтың сайлауалды кезеңдегі және дауыс беру күніндегі жұмысы таныстырылды. 

23 тамызда Орталық қоғамдық коммуникациялар орталығында арнайы ақпараттық алаң жұмыс істеп, өңірлерден тәуелсіз байқаушылар, құқық қорғаушылар мен сарапшылардың қатысуымен тікелей эфирлер өтеді. 

Бекнұр Кисиков, қоғам қайраткері:

- Фактчекинг – ақпараттың дұрыс немесе дұрыс емес екенін, оның зиянды не зиянсыз екенін, қандай да бір әсері бар-жоғын анықтайтын тәсіл. Бұл ақпаратпен жұмыс істеу тәсілі. Яғни сайлау кезінде ақпаратпен жұмыс істеу мәселесі бойынша арнайы институт қалыптаспаған деп айтуға болады. Сондықтан осындай штабқа әрқашан келуге болады. Осы жерден қажет болса, ақпарат бойынша кеңес те, көмек те алуға болады. Штаб ақпарат жағынан көмектеседі.