Биыл 380 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады

  • 7
  • 12.08.2026, 19:39

Білім күні таяп қалды. Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады деп күтілуде.

Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, бүгінге дейін 320 мыңға жуық бала мектепке қабылданған. Олардың 296 мыңнан астамы мемлекеттік, 23 мыңы жекеменшік мектептерде білім алады. Бірінші сыныпқа баратындардың 71 пайыздан астамы қазақ тілінде, 26 проценті орыс тілінде, 2,5 пайызы басқа тілдерде білім беретін сыныптарды таңдаған. Мектеп табалдырығын алғаш рет аттайтын бүлдіршіндердің ең көбі - Түркістан облысында, 50 мыңнан астам. Екінші орында 35 мың көрсеткішімен Алматы облысы тұр. Астанада - 33, Алматыда - 31 ал Шымкентте - 29 мыңнан астам жеткіншек мектепке барады.

Айта кетейік, құжаттарды қабылдау 31-тамызға дейін жалғасады. Өтініштерді eGov.kz электронды порталы, сондай-ақ таңдалған мектепке тікелей бару арқылы тапсыруға болады.