Шымкентте «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері №1 қалалық клиникалық ауруханаға барып, медицина қызметкерлерімен кездесті. Кандидаттар саяси ұйымның бағдарламасын таныстырып, жадынама материалдарын таратты. Жиында кадр тапшылығы, медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру жайы сөз болды. Сала мамандары өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтып, сұрақтарын қойды.
Бақдәулет Мәлімов, «Ақ жол» демократиялық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:
- Партиямыздың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын таныстырып, сайлаушылардың алдында олардың барлық сұрақтарына жауап бердік. «Ақ жол» демократиялық партиясының Шымкент қалалық филиалы бұдан әрі де үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырады. Басқа да мекемелермен, соның ішінде білім беру саласының ұйымдарымен кездесулер өткізіп, жұмыстарымызды жалғастыратын боламыз.