Елімізде инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жобалар іске асырылды. Жуырда Абай өңірінде Шар, Үшбиік, Жарма және Жалаңашкөл станцияларындағы төрт вокзал жөнделді. Ақтөбеде 120 жылдан астам уақыт бұрын бой көтерген Жем теміржол вокзалы жаңартылды.
Алматы облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы шеңберінде 4 мың 200 орынға арналған бес білім ордасы пайдалануға беріліп, тағы күрделі жөндеуден өтті. Түркістан облысында тоғыз жаңа мектеп пен қосымша ғимарат ашылды. Ұлытаудағы Мыңадыр ауылында 80 орындық жаңа білім ошағы пайдалануға берілді. Сондай-ақ Алматыда 120 және 160 орындық екі балабақша бой көтерді.
Барлық мекемелер заманауи цифрлық құрылғылармен жасақталған. Мұнымен қоса, балалардың спортпен және шығармашылықпен айналысуына да жағдай жасалған.