6 қыркүйек Мұнайшылар күні аталып өтіледі

  • 32
  • 04.09.2026, 19:41

Қазақстанда қыркүйектің бірінші жексенбісінде жыл сайын мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Бұл сала Қазақстан экономикасының негізгі тірегі, еліміздегі қара алтынның тарихы 19 ғасырдың соңынан басталады. Сол кезде ресми түрде отандық мұнай өнеркәсібінің негізі қаланды. Алғашқы мұнай бұрқағы Маңғыстау түбегіндегі Қарашұңғылда атқылады. Кейін Ембі, Мақат, Жетібай, Өзен сияқты кен орындары ашылып, бүгінде Қазақстан ірі мұнай өндіруші аймаққа айналды. Алдыңғы жылы 99,5 млн тонна мұнай өндірілді. Оның шамамен 20% өңдеу арқылы өзіміз тұтынсақ, қалғаны экспортқа кетеді.

Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:

- Мұнай-газ саласында қазір 100 мыңнан астам адамдар жұмыс атқарып жатыр. Әрине ол өте күрделі жұмыс, өйткені Батыс Қазақстанда қыста өте суық болады. Ал жазда өте ыстық болады. Бүгін біз осындай ауа райында ауыр жұмысты істеп жатқан адамдарды құттықтап және қошеметтеп жатырмыз.