«Қызыл аймақтағы» ЖЭО-лар саны 4 есе қысқарды

  • 4
  • 09.09.2026, 18:33

Президент Жолдауына сәйкес елімізде жылу орталықтарын жөндеу, жаңарту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынды. Жылдар бойы қордаланған мәселелер біртіндеп шешімін тауып келеді. Үкіметтің дерегінше қазір «қызыл аймақтағы» жылу электр орталықтарының саны 19-дан 5 нысанға дейін қысқарды. Нәтижесінде, жылу беру маусымындағы технологиялық ақаулар 32% азайды. Биыл 2,6 гигаватт дәстүрлі және жаңартылатын қуат көздерін енгізу көзделіп отыр. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мақсатында 700-ден аса жоба іске асырылып жатыр. Сумен жабдықтау желілерінің орташа тозу көрсеткіші де едәуір төмендеді. Сонымен қатар коммуналдық салаға цифрлық шешімдерді енгізу қолға алынды. Газбен қамту деңгейін 2035 жылға қарай 80% жеткізу жоспарда, қазір тұрғындарды табиғи газбен қамту көрсеткіші 65%-ға жетті. 

Ернар Хасенов, ҚР Энергетика министрлігі мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

- Биыл жылыту маусымына дайындық аясында электростансаларда 9 энергоблок, 55 қазандық пен 51 турбинада күрделі жөндеу іске асырылды. Жөндеу жұмыстарының қорытындысы бойынша орташа тозу деңгейінің 52% дейін төмендеуі күтіліп отыр.

Нұрсұлтан Керемқұлов, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылыс және ТҮКШ істері комитеті төрағасының орынбасары:

- Барлық елдімекендерді ауызсумен толық қамтамасыз ету мақсатында 835 млрд тг бағытталды. Бұл 1,6 мың жобаларды іске асыруға мүмкіндік берді. 736 ауыл, 30 қаланы орталықтандырылған су жүйесімен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Халқы аз 699 ауылда кешенді блок модельдер орнатты.