Қауіпті қалдықтан заңсыз табыс тапқан кәсіпкер сотталды

  • 11
  • 24.09.2026, 18:41

Ақтөбе облысында  қауіпті қалдықтарды заңсыз өңдеп, пеш отынын өндіруді ұйымдастырған жеке кәсіпкерлік басшысы 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды. Тергеу деректеріне сәйкес, мұндай әрекет 10 мың шаршы метр өндірістік базада атқарылған. Шикізат ретінде пайдаланылған майлар және құрамында мұнайы бар өзге де қалдықтар қолданылған. Алайда кәсіпкерге қауіпті қалдықтарды өңдеуге, залалсыздандыруға және кәдеге жаратуға қажетті лицензия мен экологиялық рұқсат берілмеген. Бұл әрекеттің нәтижесінде, 11 миллион литрден астам пеш отыны сатылып, 778 миллион теңге табыс тапқан. Сот оның мүлкін, өндірістік нысанын, автокөліктерін және банк шоттарындағы ақшасын да тәркіледі.

Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Айта кету керек, өндірілген пеш отыны ұлттық сапа стандарттарына сай келмеген әрі құрамында зиянды химиялық заттар болған. Мұндай отынды тұрмыстық және өнеркәсіптік қазандықтар мен пештерде жағу кезінде ауаға улы заттар тарауы ықтимал еді. Бұл өңір тұрғындарының тыныс алу жүйесі мен денсаулығына қауіп төндірген.