Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының құрылғанына 30 жыл. Ғылыми ұйым шетел архивтері мен кітапханаларында сақталған қазақ тарихына қатысты деректерді жинау, аударумен айналысып келеді. Ғылыми айналымға енгізу бағытындағы жұмысы да орасан. Кезінде тарихи жадымыздан тыс қалған көптеген құжат бүгінде еліміздің ежелгі және ортағасырлық тарихын тереңірек зерттеуге мүмкіндік беріп отыр. Атап айтқанда, Алтын Орда мен Қазақ хандығы кезеңдері бойынша жинақталған материалдар Қазақстанның жаңа жеті томдық тарихын әзірлеу кезінде де пайдаланылып жатыр. Институттың 30 жылдығына арналған конференцияда қатысушылар Қазақстан мен Шығыс елдері арасындағы тарихи байланыстар, саяси-экономикалық ынтымақтастық, Жібек жолының мұрасы, аймақтық қауіпсіздік және діни-мәдени үдерістерді талқылады. Сондай-ақ «Ордалы отыз жыл» кітап-альбомы таныстырылып, институттың осы уақытқа дейінгі жарияланымдары көрмеге қойылды.
Дүкен Мәсімханұлы, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры:
-Қысым-Жомарт Кемелұлының 2022 жылы Рим папасымен ресми кездесуінде Ватикандағы апостоль архиві мен кітапханасындағы тарихи деректерді қазақстандық ғалымдарға беру туралы келісімін алған болатын. 2023-ші жылдан бастап Ватиканның апостоль кітапханысымен, апостоль архивімен келісімшарт жасасып, сол бағыта ежелгі түркі тарихына қатысты деректерді ғылыми айналымға енгізу жинап алу мақсатында үлкен іргелі жоба жасағанбыз.