Елімізде соңғы 7 жылда 35 мың шақырымнан астам автомобиль жолында құрылыс, реконструкция және жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде 5 мың шақырымнан аса жол қайта салынған. Қазір де бірнеше жоба жүзеге асып жатыр.
Облыста жүзеге асқан ірі жобаның бірі – былтыр пайдалануға берілген Ақтөбе – Атырау – Астрахань жолы. Өңір тұрғындары бұған дейін жолдың сапасына жиі шағымданатын. Ой-шұқыры көп жолдың азабын тартқан жүргізушілер қазір тақтайдай тегіс жолда қиындықсыз қатынауда.
Бұдан бөлек жүзеге асып жатқан жобаның бірі – Атырау – Орал жолының құрылысы. Бұл күре жолға да тұрғындардың шағымы соңғы жылдары жиілеп кеткен еді. Қазір Батыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі 184 шақырым жолды жөндеу басталды. Жоба құны 47 млрд теңгеге жуықтайды.
Азат Қаракөзов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары:
-Жол негізін суық ресайклинг технологиясы әдісімен қалыпқа келтіру, сонымен қатар екі қабатты жол жабындысын салу жұмыстары қарастырылған. 95-189 км жобасы бойынша қазіргі таңда астыңғы қабат бойынша 50 шақырым жол дайын тұр. Осы жылдың соңына дейін 94 шақырымды астыңғы қабатпен ашу жоспарлануда. 5-95 шақырым аралығындағы жоба бойынша қазіргі таңда жол жұмыстары басталды.
Биыл шалғай жатқан Азғыр, Сүйіндік, Балқұдық ауылдарына жол салына бастады. Бұл да ауыл халқының көптен шешілмей келе жатқан мәселесі болатын.
АСЛАНБЕК ШЫҒЫР, ТІЛШІ
-Республикалық маңызы Атырау-Доссор жолын төртжолаққа дейін кеңейту жұмыстары қолға алынды. Қазір құжаттар рәсімделіп, мердігер мекеме анықталуда. Құрылыс келер жылы басталып, 2029 жылы аяқталады.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗДАҒЫ ЖОЛДАР САЛЫНЫП ЖАТЫР
Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар үш бірдей көлік дәлізінің құрылысы жүріп жатыр. Астанадан басталатын «Орталық – Батыс» автомагистралі мен «Бейнеу – Сексеуіл» жобасы Ақтау және Құрық теңіз порттарына төте жол ашады. Ал «Ақтөбе – Хромтау – Қарабұтақ – Ұлғайсын» бағытындағы құрылыс жұмыстары халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің транзиттік әлеуетін арттырмақ. 559 шақырымдық «Бейнеу – Сексеуіл» күрежолы орталық және оңтүстік Қазақстан өңірлерін Ақтау, Құрық теңіз айлақтарымен байланыстырады. Төте жол салынған соң қатынас 900 шақырымға қысқарады.
7 ЖЫЛДА 36,3 МЫҢ ШАҚЫРЫМ ЖОЛ САЛЫНДЫ
Шығыс Қазақстанда соңғы 3 жылда республикалық маңызы бар 400 шақырым жол жаңартылды. Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ең ұзын көпірдің құрылысы, сондай-ақ Өскеменнен Талдықорғанға және Қытай шекарасындағы Майқапшағай өткізу пунктіне дейінгі автожолдар пайдалануға берілді. Ал қазан айының басында алғаш рет әйгілі Рахман қайнарына дейін асфальт төселіп, көлік қатынасы ашылды. Жолшылардың айтуынша, бұл – саладағы ең күрделі жобалардың бірі. Жартастардың арасынан жол салуға 2 жыл уақыт кеткен.
Әділет Жампейісов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ШҚО филиалы директорының орынбасары:
-Қауіпсіз болуы үшін техниканы тростармен байлап, жұмыстарды жүргіздік. Кей жерлерде асфальт төсегішке көлікпен жақындаудың өзі мүмкін болмады. Сондай кезде материалды төгіп, кейін тиегішпен жеткіздік.
Өңірде биыл-келесі жылы тағы 358 шақырым жол құрылысын аяқтау жоспарланған. Жалпы, елімізде соңғы 7 жылда 35 мың шақырымнан астам автомобиль жолында құрылыс, реконструкция және жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде 5 мың шақырымнан аса жол қайта салынған.
Авторлары: Асланбек Шығыр, Анель Есенбердина