Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді

  • 502
  • 13.10.2026, 18:34

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29-шы қарашада өтеді.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады. Мемлекет басшысы кеше барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Кезектен тыс сайлау барысында қазақстандықтар облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың жаңа құрамын сайлайды.

Сондай-ақ бүгін 2026 жылғы 29-шы қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.