Елде маймыл шешегінің алдын алу шаралары күшейтілді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, инфекция ел аумағына енуі мүмкін. Дегенмен оның халық арасында кеңінен таралу қаупі төмен. Қазір шекарадағы санитариялық бақылау күшейтіліп, ауру тіркелген мемлекеттен келген азаматтардың денсаулығы қадағаланады. Медициналық ұйымдар мен зертханалар инфекцияны анықтауға дайын. Маймыл шешегі көбіне жұқтырған адаммен тығыз байланыс арқылы беріледі. Негізгі белгілері – дене қызуының көтерілуі, бас пен бұлшықеттердің ауыруы және теріде бөртпенің пайда болуы. Мамандар жеке гигиенаны сақтап, себебі белгісіз бөртпесі бар адамдардан аулақ болуға кеңес береді. Ал дерт белгілері байқалса, әсіресе шетелден оралғаннан кейін медициналық көмекке жүгіну қажет.