Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланында күзгі шақыру науқаны аяқталды. 9-шы қыркүйек пен 15 қазан аралығында жүргізілген маусым аралығында 7 мыңнан астам азамат шақырылған. Жас сарбаздардың басым бөлігі қоғамдық тәртіпті сақтау, бұқаралық іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ маңызды мемлекеттік нысандар мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету міндеттерін орындайтын бөлімшелердің қатарын толықтырады. Тек тәртіпті бақылау үшін күн сайын 7 мыңнан астам ұландық жұмылдырылады.
Әлібек Әбділов, ҚР ІІМ Ұлттық ұланның ресми өкілі:
-Ұлттық ұланның әскери қызметшілері полициямен бірлесіп, еліміздің 21 қаласында күн сайын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жас жігіттер үшін әскери қызмет өмірлік қалыптасудың маңызды кезеңіне айналып, тәртіп пен жауапкершілікті нығайтады. Сондай-ақ Отан алдындағы міндетін абыроймен атқаруға баулиды.