Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің хатшылығы қабылдаған үш маңызды құжат Қазақстанда кеңінен насихатталуы керек. Бұл туралы Рухани келісім күніне орай өткен халықаралық конференцияға қатысушылар айтты. Құжаттар климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі діннің рөлін, діни салада жасанды интеллектіні қолданудың этикалық қағидаларын және жазылмайтын ауруға шалдыққан балалардың құқықтарын қорғауды қамтиды. Құжаттарды Қазақстандағы діни бірлестіктерге таныстыру жоспарланып отыр. Халықаралық деңгейде бастамаларды жүзеге асыру жол картасын әзірлеу үшін арнайы жұмыс топтары құрылады.
Сейдмұхаммед Әбдінайым, Мұсылман ақсақалдары кеңесінің Орталық Азиядағы кеңсесінің басшысы:
Қазақстан бүкіл бастыстан-шығысқа дейінгі дәстүрлі діндерді, мәдениетті біріктірген Астана қаласы болып тұр. Бұл Қазақстанның ежелден ұстанған жолы деуге болады. Біздің ұсынысымыз – діни диалогтан нақты іс-әрекеттерге, экологиялық мәселелер болады, жасанды интеллектіні қолдану, жалпы қоғамдық іс-шараларға бірлесе атсалысу арқылы жастарды білімге, ілімге бағыттауды ұсынып отырмыз.