Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Қызылорда облысында энергетикалық тапшылықты шешу жолдары талқыланды

  • 3
  • 05.11.2026, 18:04

Қызылорда облысындағы энергетикалық тапшылық мәселесін шешуге электр желілерінің тозуы мен тарифтердің төмендігі кедергі келтіріп отыр. Бұл мәселе Құрылтай депутаттарының «Қызылорда электр тарату тораптары» акционерлік қоғамының ұжымымен кездесуінде жан-жақты талқыланды. Жаңа жылу электр орталығының іске қосылуы өңірде электр энергиясын өндіру көлемін едәуір арттырған. Алайда электр желілерінің тозуы өндірілген энергияны тұтынушыларға жеткізу кезінде қосымша шығынға ұшыратуда.

Мемлекет басшысының 2029 жылға дейін елде тұрақты энергетикалық профицит қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін салада кешенді жаңғырту жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындаған. Кездесу барысында депутаттар өңірдегі энергетикалық нысандарды жаңарту жұмыстарын жеделдету, сондай-ақ коммуналдық тарифтерді экономикалық негізде қайта қарау мәселелеріне назар аударды.

Мұхитжан Кәрімбаев, энергетика саласының ардагері: 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында электр энергиясы мәселесін аса өзекті проблема ретінде көтерді. Елімізде электр энергиясының тапшылығы бар екенін, оны шетелден қымбат бағамен сатып алуға мәжбүр екенімізді айтты. Сондай-ақ жылу электр орталығына, электр тарату компаниясының жұмысына, тариф мәселесіне және жылу электр орталығы қондырғыларының ескіргеніне тоқталдым. Олардың барлығын заманауи технологиялық қондырғылармен жаңарту қажеттігін атап өттім.