Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Жолдау-2026: Маркетплейс жүйесін кеңейту керек

  • 0
  • 05.11.2026, 18:33

Ауылдағы кәсіпкерлердің жаһандық нарыққа шығуына жол ашатын біртұтас маркетплейс құру керек. Қостанайда Құрылтай депутаттары мен Қазақстан Халқы Кеңесі мүшелерінің қатысуымен өткен диалог алаңында осындай пікір айтылды. Президент Жолдауында несие беру мен субсидиялаудан бөлек, цифрлық форматта өнім өндіруге, оны сатуға арналған қосымша құралдар қажеттігін атап өтті. Үкімет пен бизнес қауымдастығына бірқатар өңірде осыған қатысты пилоттық жобаларды іске асыруды тапсырды. 

«Бұл әсіресе елді мекендер арасы тым алшақ Қостанай өңірі үшін маңызды», – дейді Құрылтай депутаты Екатерина Смышляева. Оның айтуынша, елімізде цифрлық экономиканы дамытудың алғышарттары жасалды. Келесі кезеңдегі міндеттердің бірі – өндіруші мен тұтынушыны өзара байланыстыратын интернет-платформаны қалыптастыру.

Екатерина Смышляева, ҚР Құрылтайының депутаты: 

- Цифрландыру бүгінде сервистік қызмет көрсету аясынан шығып, экономикалық, әлеуметтік өзгерістің негізіне айналып отыр. Сондықтан менің айтпағым, жергілікті шаруаларға арналған маркетплейстер құру керек. Бұл оларға өз өнімдерімен әлемдік нарыққа шығуына, логистика мәселесін шешуге септігін тигізеді.